Байқау «Таза Қазақстан» экологиялық жобасын қолдау мақсатында Жер туралы ғылымдар мектебі, Тұрақты даму офисі және Д. Серікбаев атындағы ВКТУ-дің Green Campus жобасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Байқаудың мақсаты – шығармашылық идеяларды анықтау, ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықты дамыту және мектеп оқушыларына университеттің зертханалық базасын пайдалана отырып, өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Өскемен қаласының, Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мектептері бұл іс-шараға жоғары белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты.
Байқауға 47 жетекшінің басшылығымен орындалған 106 қатысушының 55 жұмысы ұсынылды. Осындай дарынды әрі мақсатты жастардың арасынан жеңімпаздарды анықтау байқау комиссиясы үшін оңай болған жоқ. Қатысушылар көптеген қызықты идеялар мен шығармашылық және ғылыми тәсілдерді ұсынды.
Д. Серікбаев атындағы ВКТУ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған жобалардың финалистері мен номинанттарын құттықтайды. Сонымен қатар барлық презентациялар назар аударуға лайық болғанын ерекше атап өткен жөн.
Барлық қатысушыларға ғылым мен экологияға деген қызығушылығыңыз сөнбей, жаңа жетістіктерге жете беруіңізді шын жүректен тілейміз!
Екі санат бойынша бірінші орын алған қатысушыларға университетте ғылыми жұмыстарын жалғастыру мүмкіндігі беріледі. Жүлделі орын иегерлері бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады. Жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Финалистерді марапаттау рәсіміне шақыру күні қосымша хабарланады.
Бағалау нәтижесі бойынша финалистер:
1-санат (7–9 сыныптар):
- Крашенинникова Таисия — I орын
- Байгузина Вероника — II орын
- Серікбол Нұртас, Жанатбек Ернур, Сайдалимов Ақбар — III орын
2-санат (10–11 сыныптар):
- Беков Максим — I орын
- Чайкин Никита, Жаныбеков Ерәли — II орын
- Кадылбеков Ринат, Заңғар Сейілханов, Әли Қабдыкәрім — III орын
Номинациялар:
- Самарханова Жанерке — Ең үздік визуализация
- Звонов Артур, Когай Даниил — Ең үздік макет
- Халел Ислам — Ең перспективалы идея
Идеяларды қолдау: мектепке сыйлық ретінде эко-бокстар:
- Коломыцев Степан, Большакова Снежана
- Серікжанов Ералы
- Әділжан Әйгерім
- Дабинова Альмира, Баатарбек Аружан, Қайырбекқызы Айназ, Мархабатқызы Айзада
- Архат Гүлім
Жүлделі орын алмаған қатысушылар сертификаттармен марапатталады.