Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Басқарманың кезекті отырысы өтті. Отырысты Басқарма төрағасы – Ректор С.Ж. Рахметуллина жүргізді. Жиынға проректорлар, факультет декандары, құрылымдық бөлімшелер мен құзыреттер орталықтарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде университет қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша Басқарма мүшесі академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова А.Х. университеттің шетелдік студенттері туралы, олардың есебі, оқу үдерісі, тұрмыстық жағдайлары және Қазақстанда болуына байланысты өзге де мәселелер жөнінде ақпарат ұсынды.
тәртібінің екінші тармағында 2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жол картасы қаралды. Баяндамашы, маркетолог М. Пашков мектептермен, колледждермен және серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту арқылы инженерлік және техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру бағыттарын атап өтті.
«Басқа мәселелер» бөлімінде қатысушылар университеттің ұйымдастырушылық және ағымдағы мәселелерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берілді.

