Ақпан айының бірінші бейсенбісі - дүниежүзілік сайлау күні. Бұл күннің айтулы күнге енуі 2005 жылы 1 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында бекіген.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Өскемен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Адылғазинович Дүниежүзілік сайлау күні аясында студенттермен кездесу өткізді. Негізгі мақсат - қоғамдағы сайлау мәдениетін арттыруға ықпалын тигізу. Қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті. Мемлекетте әділ әрі ашық сайлау жүйесін құру - Президенттің басты реформаларының бірі. Елімізде отандық сайлау жүйесі демократияландыру үрдісімен дамып келеді.

Келешек ұрпақ - жас сайлаушылар. Студенттерге сайлау мәдениетін сіңіру, олардың демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру бағытында аймақта әртүрлі деңгейдегі кездесулер ұйымдастыру жақсы сипат алуда.