Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «EduWeek - 2022» академиялық апталығына дайындықты бастады.

Академиялық апта 18 сәуірде білім беру бағдарламаларының ХИТ-парадынан және университет бойынша экскурсиялардан бастау алады. 19 сәуірде ШҚТУ достары күні өтеді. Үшінші күн мектеп түлектеріне арналған «2021 Талапкер - сен кереметсің!». 21 сәуірде оқушылар арасында олимпиада өтеді.

Бесінші күн - «Бос орындар жәрмеңкесі» және олимпиаданың жалғасы, 23 сәуірде академиялық апта Global Village шарасымен аяқталады. Оған шетелдік спикерлер қатысады.

«EduWeek-2022» академиялық апталығы аясындағы іс-шаралар бағдарламасы