ШҚО палеометаллдың ежелгі мәдениеті. Осындай атаумен Металлург күніне орайластырылған онлайн-экскурсия өтті. Еліміздің индустриалды аймақтарының бірі саналатын Шығыс Қазақстан облысы үшін Металлург күні басты кәсіби мерекелердің бірі.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі «Алтын алтай» музейінде өңірдегі металлургия кәсібінің қалыптасу тарихымен танысуға болады. Ноосфера пәнаралық зерттеулер орталығының жетекшісі Анар Смағұлова экспедиция барысында табылған құнды материалдармен таныстырып, Алтай баурайында қолданылған кен өндіру, өңдеу технологиялары туралы айтып берді.

Университеттің Инстаграмдағы ресми парақшасында өткен онлайн-экскурсияға 100- ге жуық адам қосылып, Ұлы даладағы ежелгі металлургия жайында мол мағлұмат алды.

Іс-шара "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.