Ақпан айының басында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ректор кубогіне арналған волейбол турнирі өтті. Жарысқа өңіріміздің білім беру мекемелерінен 24 команда (300 спортшы) қатысты.
Турнирдің ашылуына 15 мектеп директоры, оқытушылар, спортшылар мен жанкүйерлер келді. ШҚТУ басшылығы студенттік спортты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
Жарысқа 300 спортшы қатысып, олар төрт топқа (әр топта алты команда) бөлінді. Турнирдің ауқымы бүкіл Шығыс Қазақстан облысын қамтыды – қатысуға Катонқарағай, Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Ұлан, Марқакөл аудандарының және Өскемен қаласының мектептері өтінім берді.
Айта кетейік, волейбол Шығыс Қазақстан облысының спорттық өмірінде, соның ішінде ШҚТУ-да маңызды орын алады. Осындай жарыстар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және студенттердің спорттық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
– Бұл турнир командаларға өз шеберліктерін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді. Сондықтан біз сенімге лайық болып, жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырыстық, – деді ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина.
Екі күн бойы командалар тек спорттық дайындық деңгейлерін ғана емес, достық пен өзара қолдауды да көрсетті. Дегенмен, кез келген жарыстың жеңімпаздары анықталатыны сөзсіз.
ШҚО мектеп командалары арасындағы «ШҚТУ ректоры кубогі – 2025» облыстық турнирінің қорытындысы бойынша:
- III орын – №48 қосымша білім беру мектебі (Өскемен қаласы);
- II орын – Абай атындағы орта мектеп (Тарбағатай ауданы);
- I орын, «ШҚТУ ректоры кубогінің» иегерлері – Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп (Өскемен қаласы).
Турнирдің үздік ойыншылары (номинациялар бойынша):
- Үздік шабуылшы – Мурат Азамат, Абай атындағы орта мектеп (Тарбағатай ауданы);
- Үздік қорғаушы – Қалымов Шалқар, №48 қосымша білім беру мектебі (Өскемен қаласы);
- Үздік байланыстырушы – Шугаев Мырзаш, №46 орта мектеп (Өскемен қаласы);
- Үздік тосқауыл қоюшы – Айбеков Мерей, Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп (Өскемен қаласы).