2025 жылдың 21 қарашасында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде EduWEEK EKTU 2025” академиялық аптасының аясында «Инклюзивті білім беру ортасын және кедергісіз жұмыс кеңістігін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға білім беру ұйымдары, әлеуметтік мекемелер және жұмыс берушілер өкілдері қатысты.

Мақсаты

Инженерлік білім беру бағдарламаларына инклюзивті тәсілдерді енгізу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерді қоса алғанда, баршаға тең еңбек мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жолдарын талқылау.

Талқыланған негізгі мәселелер:

  • инженерлік білім бағдарламаларына инклюзивті принциптерді интеграциялау;
  • жұмыс берушілер талап ететін дағдыларды қалыптастыру;
  • виртуалды зертханалар мен икемді тәжірибені дамыту;
  • оқытушылардың инклюзивті педагогика бойынша біліктілігін арттыру;
  • жұмыс берушілермен бірлескен механизмдер арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру.

Қабылданған резолюцияда келесі шаралар көзделген:

  • білім бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілерді кеңінен тарту;
  • сапаны ішкі бағалау жүйесіне инклюзивтілік көрсеткіштерін енгізу;
  • талапкерлерге инклюзивті білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттық материал дайындау;
  • жыл сайын инклюзияға арналған ашық кездесулер ұйымдастыру;
  • түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша инклюзивті тәжірибелерге арналған жұмыс тобын құру.

Іс-шараға атсалысқан серіктестеріміз Өскемен қаласының Мансап орталығы, «Ақ Ниет» мектеп-интернаты, АЭС Өскемен ГЭС және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіеміз!

ШҚТУ  алдағы уақытта кедергісіз, заманауи және инклюзивті инженерлік білім беру ортасын қалыптастыруды жалғастырады.