Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың 60-жылдығына арналған волейболдан өткен республикалық турнирдің қорытынды ойындарын өткізілді. Жарыс университет спорт залында үш кезеңде өтті. 16-нан 17-ақпанға дейін алғашқы кезең, ал 18 ақпан күні финалдық жарыс өткізілді. Жарыстың алғашқы кезеңінде Алматы қаласы, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан 8 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды турнирдің иелері – Шығыс қазақстандық команда иеленді, екінші орынды – Қызылорда командасы және үшінші орынды – Оңтүстік Қазақстан командасы бөлісті. Турнирдің жүлдегерлері ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймардановтың қолынан жеке сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Айта кету керек,  байланыстырушы Ахмет Сахариев (ШҚО), павлодарлық Захар Черныш, алматылық  Азамат Базарханов, шабуылшы Сабыржан Абдуллаев (ОҚО),  ширатушы Мухамедали Байтугелов және ең жас қатысушысы қызылордалық Асет Рысмаханов финалдық ойындардың үздіктері атанды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі