Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректорат ұжымы, профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттер ұжымы Сізді жүрек жарды құттықтауларымен мерейлі жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл – Сіздің өміріңіздегі толғандырарлық әрі маңызы ерек айтулы оқиға.
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол бақ-береке, өмірлік ұстанымдарыңызға берік болу мен сенімділік тілейміз.
Сіздің еңбек жолыңыз – азаматтық және кәсіби борышты адал атқарудың үлгісі.
Сіз өз еңбек жолыңызды 1972 жылы Құрылыс-жол институтының кафедрасында ассистент қызметінен бастадыңыз. Түрлі жылдары «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» факультеті деканының орынбасары, ШҚТУ құрылыс-архитектура институты директорының орынбасары сынды басшылық қызметтерді абыроймен атқардыңыз. 1997 жылдан бастап «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» кафедрасының профессоры ретінде табысты еңбек етіп келесіз.
Ұстаз, ғалым, басшы және қоғам қайраткері ретінде Сіздің өмірлік әрі кәсіби жолыңыз – қазіргі қазақстандық жас буынға үлгі боларлық тағылым.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы үшін Сіз – жоғары тәртіптілік пен адалдықтың, ішкі және сыртқы мәдениеттің, әріптестермен қарым-қатынастағы өзіңізге тән биік этиканың жарқын үлгісісіз.
Сіздің мерейлі күніңізде университет ұжымы Сізге – аса құрметті, беделді әріптесімізге, шынайы досымызға және сенімді серіктесімізге деген терең құрметі мен алғысын білдіреді.
Ізгі тілекпен,
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ
Басқарма төрағасы –
ректор С. Рахметуллина