Университетте өтетін дөңгелек үстел туралы қуана хабарлаймыз.

Дөңгелек үстел тақырыбы:"University collaboration with regional industry and public sector"

Спикер: PhD докторы, Линкольн университеті Халықаралық бизнес мектебінің аға оқытушысы-Мажикеев Арман.

Шақырылған ғалым мүддесі келесі салалық бағыттарды қамтиды: Халықаралық сауда, өңірлік интеграция, тарифтік емес кедергілер, сауда үйкелістері, арнайы экономикалық аймақтар, гендерлік теңсіздік, есептеу экономикасы, энергетикалық нарықтар, қоршаған ортаны қорғау айналмалы экономика, жасанды интеллект. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына олдауында айтылған мәселелер талқыланады.

  • Күні мен уақыты: 13.09.2023 ж. сағат 10.00-де
  • Ұйымдастырушы: Бизнес Мектебі.
  • Орны: Серікбаев көшесі, 19, ауд. Г-1-115.

Барлық ниет білдірушілерді іс-шараға қатысуға шақырамыз. Тәжірибелі ғалымнан құнды білім мен шабыт алудың тамаша мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Сізді дөңгелек үстелде күтеміз!