Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Ата заң қабылданды. Конституция әр адамның құқығы мен еркіндігінің көрінісі, бүтін мемлекет идеологиясының келбеті.

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды.

Бүгінгі Қазақстандағы азаматтық қоғам құру ұмтылысы Конституциялық тұғырымыз бекітілген сәттен басталғаны аян. Жалпы еліміздің, ұлтымыздың заңнамалық тарихы әлдеқашан, ықылым замандарда басталғаны тарихтан мәлім. Ал бүгінгі Ата Заң жаңа әлемнің заңнамалық құрылымына жауап берер куәлік.

Келешекке керуен тартқан еліміздің Конституциясы қоғам үшін ғана емес, әрбір жеке азамат үшін маңызды. Ата Заң айналасындағы құндылықтарымыз, құқығымыз нығая берсін. құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Басқарма Төрағасы-ректор, Сәуле Рахметуллина