28 мамырда, 16-00-де Инстаграм @ektuniversity арқылы «Қаржы орталығы» АҚ тікелей эфирі өтеді.

«Қаржы орталығы» АҚ-ның спикері - Әлеуметтік жобаларды бақылау департаментінің менеджері Ишанова Жибек Советбеккызы

Тақырыбы: Білім беру гранты бойынша оқитын жас мамандар мен PhD докторларының жұмысты өтеу міндеті.

Келесі сұрақтар қарастырылады:

  • қандай категориялар жұмысты өтеуге міндетті?
  • жұмысты қай жерде және қалай өтеу керек?
  • қандай категориялар жұмыс өтеуден босатылады?
  • жұмысты өтеу міндетінен бас тартқан жағдайда қандай жауапкершілік туындайды?
  • және сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз!

Тікелей эфирде күтеміз!