Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында үздіксіз өтіп тұрған «Авангард плюс» Жас кәсіпкерлер мектебінің ІХ кезеңі сәтті аяқталды.

2 айға жалғасқан қосымша, пайдалы білім жобасы аясында 8 оқу күні, 16 коуч, 13 лекция, 5 экскурсия ұйымдастырылды. Білім алушылар қарасы да сан алуан. Мұнда жоғары оқу орындарының және колледждерінің студенттері, ресми қызметте жүрген, өз-өзін қамтып жүрген азаматтар да білім алып шықты.

ҚР «Атамекен» ҰКК ШҚО бойынша өңірлік іскер әйелдер кеңесі ерекше әлеуметтік білім беру жобасының жабылуын салтанатты түрде атап өтпек.

Осыған орай, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бас корпусында, 29 қараша күні, сағ. 17:00-де 101 аудиторияда салтанатты іс шара өтеді.