Қазақ және орыс тілдері апталығы аясында 2022 жылдың 1-4 наурызында Ж.О. Құлсейітов атындағы ғылыми кітапханасының көркем әдебиет оқу залында «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға университтің 1 курс студенттері мен қазақ тілі қафедрасының оқытушылары қатысты. Кітапхананың 2-ші санаттағы кітапханашысы Ж.Б. Бітібаева жаңадан түскен әдебиеттерге қысқаша шолу жасады.

2022 жылы Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай қазақ халық жазушысы, драматург, сыншының шығармашылықтары көрмеге қойылып, кітапхананың жоғарғы санаттағы кітапханашысы Б.М. Челекенова қоғам және мемлекет қайраткері Ғабит Махмұтұлының өмірбаянын, шығармашылығын, сценарийлері мен марапаттарын баяндады.

Және де, сұрақ-жауап ойындар ұйымдастырып, белсенді қатысқан студенттер мен оқытушыларға кітаптар табыстады.