Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылыми әлеуеті Kazakh National H-index Ranking 2026 рейтингінде көрініс тапты. Ұсынылған нәтижелер бойынша ШҚТУ Қазақстанның университеттері мен ғылыми ұйымдары арасында 28-орын иеленіп, «Жоғары ғылыми әлеует» санатына енді.

Университеттің ұлттық Хирш индексі 28-ге жетіп, үш тармаққа өсті. Жекелеген дерекқорлардағы көрсеткіштері: Scopus - 34, Web of Science- 29, Google Scholar - 39.

Рейтинг ғылыми жарияланымдар мен оларға жасалған дәйексөздерді байланыстыратын Хирш индексіне негізделеді. Бұл көрсеткіш зерттеу нәтижелерінің ғылыми ортада қаншалықты пайдаланылатынын бағалауға мүмкіндік береді.

Рейтингтің Scopus деректеріне негізделген Қазақстандағы үздік 1000 ғалым тізімінде ШҚТУ аффилиациясымен 12 зерттеуші көрсетілген. Олардың қатарында: - Николай Чарыков Хирш индексі 22, Михаил Дудкин  19, Виктор Кескинов  12, Сауле Смаилова  12, Маржан Саденова  11,  Индира Увалиева  11, Ернат Кожахметов  11, Гульжан Даумова  10, Марина Мизерная  10, Назгуль Ердыбаева 10.

Бұл жетістіктер университеттің зерттеу мәртебесінің негізінде нақты ғылыми еңбек тұрғанын көрсетеді. Әр көрсеткіштің артында көпжылдық ізденіс, ғылыми ұжымдардың жұмысы, бірлескен зерттеулер және жас ғалымдарға берілген тәжірибе бар.

ШҚТУ үшін мұндай нәтижелер халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге, жаңа серіктестер тартуға және зерттеу ортасын нығайтуға маңызды негіз болады.

Ғалымдарымызды ғылыми еңбектерінің мойындалуымен құттықтаймыз! Сіздердің білімдеріңіз бен табанды еңбектеріңіз университеттің беделін арттырып, қазақстандық ғылымның дамуына үлес қосуда. Жаңа жаңалықтар мен нәтижелі зерттеулер тілейміз!