Берлин қаласында «85 жыл бұрын: 1941 жылы Кеңес Одағындағы немістердің депортациясы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті. Ғылыми жиынға әр елден келген тарихшылар, зерттеушілер мен сарапшылар қатысты.
Конференцияны Шығыс Еуропа, Сібір, Орталық Азия және Кавказ немістерін зерттеу жөніндегі ғылыми комиссия (WKDO) Люнебургтегі Солтүстік-Шығыс институтымен (IKGN), Детмольд қаласындағы Ресей немістерінің музейі және мәдениет бөлімімен, сондай-ақ Берлиндегі «Босқындық, жер аудару және татуласу» құжаттама орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара Германия Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар мен ұлттық азшылықтар мәселелері жөніндегі уәкілінің қолдауымен өткізілді.
Ғылыми бағдарлама аясында немістердің Кеңес Одағына қоныстану тарихы, 1941 жылғы депортацияның салдары, арнайы қоныстардағы өмірі, мәдени мұрасы мен жекелеген адамдардың тағдыры талқыланды. Сарапшылар тарихи оқиғаларды зерделеудің қазіргі тәсілдері мен архивтік зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың DSR халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Краснобаева сараптамалық сессияда «Арнайы қоныс режиміндегі өмір: Шығыс Қазақстанға жер аударылған немістер (1945–1955 жылдар)» тақырыбында баяндама жасады.
Зерттеуде Шығыс Қазақстанға жер аударылған немістердің арнайы қоныс жағдайындағы күнделікті өмірі, еңбек қызметі мен әлеуметтік бейімделуі қарастырылды. Баяндама өңір тарихының аз зерттелген қырларын ашып, тарихи жадты сақтаудың және күрделі кезеңдерге объективті ғылыми баға берудің маңызын көрсетті.
ШҚТУ ғалымының халықаралық конференцияға қатысуы университетте жүргізіліп жатқан тарихи зерттеулерді шетелдік ғылыми ортаға таныстыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар конференция кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа ғылыми байланыстар орнатуға және халықаралық зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге негіз қала