2025 жылғы 18–19 қыркүйек күндері Алтай Республикасының Горно-Алтайск қаласында XX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция – «Макарьев оқулары» өтті. Конференция жұмысына тарих ғылымдарының кандидаты, ШҚТУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қ.С. Қалиева қатысты.

Конференцияға Ресейдің әртүрлі қалаларынан және шет мемлекеттерден келген 120-дан астам қатысушы жиналып, әлемдегі діннің тарихы мен қазіргі жағдайы, христиандық теологияның рөлі мәселелерін талқылады.

«Макарьев оқулары» архимандрит Макарийдің (Глухарёв) құрметіне ұйымдастырылады. Ол Алтай рухани миссиясын 1830 жылдан бастап басқарған.

Біздің университет бірнеше жылдан бері «Макарьев оқуларының» тең құрылтайшысы болып келеді. 2025 жылғы конференция Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 2024–2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары аясында, сондай-ақ университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде ұйымдастырылды.

Конференция барысында Қ.С. Қалиева пленарлық отырыста Қазақстандағы межконфессионалдық өзара ықпалдастық және Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлі тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Бұл шара халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, өзекті тарихи және әлеуметтік мәселелерді талқылауға маңызды алаңға айналды.