Д. Серікбаев атындағы Жоғары IT-колледжінің белсенді студенттері «Үздік студенттік жатақхана» облыстық бейнероликтер байқауына қатысты.

Байқау аясында студенттер жатақханадағы өмір, ондағы жайлы тұрмыс жағдайы, достыққа негізделген орта және мазмұнды студенттік өмір туралы баяндайтын шығармашылық бейнеролик дайындады. Өз жұмыстарында қатысушылар жатақхананың тек тұратын орын ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасауға, өзін-өзі дамытуға, шығармашылықпен айналысуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта екенін көрсетті.

Осындай байқауларға қатысу студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, байқау колледж жетістіктерін таныстыруға, тәжірибе алмасуға және студенттік жатақхананың білім беру мен тәрбие үдерісіндегі маңызды орнын көрсетуге мүмкіндік береді.

Облыстық байқауға белсенді қатысқаны үшін Д. Серікбаев атындағы Жоғары IT-колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Давлюдова-Алпанова Д.Ж. сертификатпен марапатталды. Бұл колледждің студенттік бастамаларды қолдау мен тәрбие жұмысын дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.

Студенттерімізге байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, жаңа жетістіктерге жетіп, жеңіске жетулеріне тілектеспіз!