Денсаулық және спорт орталығы салтанатты түрде 2022-2023 оқу жылының спорттық қорытындысын шығарды. Биылғы орталықтың жаттықтырушылары спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан Республикасының студенттік спорт Лигасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жазғы Универсиадасына, чемпионаттарға, турнирлерге, түрлі деңгейдегі біріншіліктерге дайындық және қатысу бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Жадыра Түсіпқанқызы Қоңырбаева Қазақстан Республикасы студенттік спорт лигасының үш дүркін қола жүлдегерлері, түрлі турнирлердің чемпиондары мен жеңімпаздары - волейбол құрама командасын, сондай-ақ ҚР XII жазғы универсиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері - жеңіл атлетикадан құрама командасын марапаттады!

Спортшылардың ата-аналары да назардан тыс қалмай, ЖОО ректорының алғыс хаттарымен марапатталды!

Сондай-ақ, орталық жаттықтырушыларының еңбектері де ерекше аталып өттіі! Биылғы оқу жылында орталық спорттық іс-шаралармен қатар ҚР ҒЖБМ Арнайы және иклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен "Ашық ғылым орталығы" ҚБ, ШҚО волейболдан Ұлттық студенттер және мектеп лигасы Федерациясы бірлесіп ЖОО-ның 65 жылдық мерекесіне арналған халықаралық вебинарлар сериясын өткізді!

Іс-шараға қатысушылар өз жеңістерін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 65 жылдық мерейтойына арнайды.

Баршаңызды оқу жылы мен спорт маусымының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!