Тілдік кедергі — достық пен өзара түсіністікке кедергі емес! Біздің университеттің психологиялық қызметі «Қазақстандағы бейімделу және мәдениетаралық өзара әрекеттесу» тренингін шетелдік студенттер үшін өткізді: Египет, Қытай, Пәкістан, Бангладеш, Судан, Либерия.

Кездесуде не болды?

  • Интерактивті танысу: қатысушылар өз елдеріндегі амандасу түрлері мен ишараттарды көрсетті — бұл өте жарқын әрі қызықты болды!
  • «Норм немесе стрём»: ойын түрінде мәдени айырмашылықтарды және Қазақстан мен өз елдеріндегі бірдей жағдайлардың әртүрлі қабылдануын талқыладық.
  • «Қазақстандағы жаз»: Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер мен танымал демалыс орындарымен таныстық — енді must visit тізімі бар!
  • «Қазақстандағы қиындықтар»: студенттер оқу мен бейімделу кезінде кездесетін қиындықтарымен ашық бөлісті. Өте құнды әрі шынайы әңгіме болды.
  • «Перспектива»: әрқайсысы өздерінің алдағы бір жылға арналған мақсаттары, жоспарлары мен күтулері туралы айтты — болашаққа мотивация алдық!

Кездесу соңында барлығы университеттің психологиялық қызметінің байланыс нөмірлерін алды — біз әрдайым қасыңыздамыз және көмектесуге дайынбыз!

Мұндай іс-шаралар:

  • мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға;
  • шетелдік студенттерді қолдауға;
  • жайлы әрі достық білім беру ортасын қалыптастыруға көмектеседі.

Барлық қатысушыларға ашықтығы, жылулығы және шынайылығы үшін рақмет! Бұл күндерді ұмытылмас еткен — сіздер!