Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың студенттері қалалық «Тіл-Парасат» конкурсына қатысты. Конкурс Өскемен қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау мен орыс тілін меңгерген қазақ жастарын анықтау мақсатында өткізілді. Конкурсқа қалалық мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледждердің және ҚАЕУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері қатысты.

Мемлекеттік тілді білуден конкурс нәтижесі бойынша Жер туралы ғылымдар факультетінің 16-БЖ-1 тобының 1 курс студенті Раздомина Анна 1 орынды иеленді.

Орыс тілін меңгеруден конкурс нәтижесі бойынша Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің 16-АУК-1 тобының 1 курс студенті Абылканова Балжан 1 орынды иеленсе, осы топтың студенті Токтарбек Диляра 2 орынды иеленді. 2 курс студенті 15-ССК-1 тобының студенті Қажымқанұлы Диас және Жоғарғы техникалық колледждің 16-ТМ-2р тобының студенті Коваленко Ян қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.