Алматыда «Elite» кадрлық холдингі жыл сайын өткізетін «2018 жылғы үздік студенттер» жобасының финалы өтті. Almaty Management University бүкіл Қазақстаннан келген үздік студенттер мен қазақстанның жетекші бизнес өкілдері үшін кездесу орны болды. «2018 жылғы үздік студент» құрметті атағына Қазақстанның әр шетінен 3000-нан астам студент таласты. Финалға 106 үміткер жолдама алды.

Конкурс финалисттері арасында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Жер туралы ғылымдар факультетінің түлегі  Қуаныш Ермұханбет болды. Ол мұндай конкурсқа қатысу оның мансап жолдында көмектесетініне сенімді.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі