Бүгін ШҚМТУ мамандары мектеп және колледж түлектерінің сұрақтарына жауап берді.

Университеттің инстаграмдағы ресми парақшасында өткен тікелей эфирге 200-ге жуық талапкер қосылып, сұрақ қойды. Олар түсетін мамандықтарға қандай балмен өтуге болатынын, қанша грант бөлінетінін және қандай шығармашылық емтихан тапсыру керектігін сұрады.

ЖОО-ның мектеп декандары өз бағыттары бойынша тұшымды жауап беруге тырысты. Білім беру бағдарламалары туралы мағлұмат берді.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Асель Дауылбаева университеттке түсу үшін құжаттарды онлайн форматта қабылдаудың реті туралы айтып берді.

ШҚМТУ-дың инстаграмдағы ресми парақшасында алдағы уақытта та кездесулер ұйымдастырылып отырады.