Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Таулы-Алтай мемлекеттік университетімен (тарих кафедралары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында) оқытушылар мен білім алушылардың «Суворов оқулары» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Қырғыз Республикасының қалаларынан ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, студенттер, курсанттар мен мектеп оқушылары қатысты. Пленарлық отырыс пен үш секция барысында әскери тарих және жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша елуге жуық баяндама тыңдалып, талқыланды.

ШҚТУ атынан ұйымдастыру комитетінің құрамына кафедра меңгерушісі Г.З. Қапасова және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.С. Қалиева енді. Пленарлық отырыста Қ.С. Қалиева кафедра мен университет атынан құттықтау сөз сөйлеп, тарихи жадыны сақтау мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өтті.

Конференцияға онлайн форматта ШҚТУ және ҚАЕУ студенттері белсенді қатысты. Дильназ Жаркынбаева (2ИСК-1 тобы) «Әкелік даңқ – ұлдық ерлік: Алғадай Жамбылұлы мен Жамбыл Жабаев Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында, Роман Измайлов (24 ТЭ-1) «Рейхстагқа алғаш жеткен: Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі», Никита Кордин (24 ТЭ-1) «Хиуаз Доспанова – аңызға айналған есім».

Студенттер ғылыми жетекшілердің қолдауымен (тарих магистрі А.И. Урюстюмова, т.ғ.к. К.С. Калиева) баяндамаларына тыңғылықты дайындалып, тарихи дереккөздермен жұмыс жүргізіп, ғылыми әдебиеттерді зерделеп, мазмұнды презентациялар әзірлеп, халықаралық алаңда өз зерттеулерінің нәтижелерін сенімді түрде таныстырды.