2025 жылғы 15-16 қарашада Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінде дәстүрлі республикалық «PRESIDENT CUP VI» пікірсайыс турнирі өтті. Турнир «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, Қазақстанның 10 аймағынан 14 университеттен келген 64 пікірсайысшы бақтарын сынады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ атынан 7 студент қатысты. Олардың ішінде Бэта алаң финалисті - Тулегенов Диас, 1/2 финалистер - Жамболатова Еңлік, Құсаин Ұлпан, Жастар алаңының жеңімпаздары - «Колибри» командасы (Ерболқызы Зарина, Қазкен Сабина), сонымен қатар Сламтаева Нұрай мен Нұрмұханбет Мирас өз номинацияларын иеленді.

Турнир студенттерге ой-пікірін жеткізу, дәлел келтіру, қарсыласпен диалог жүргізу және командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әр аймақтан келген пікірсайысшылармен тәжірибе алмасты.

Бұл іс-шара барлық қатысушыларға стратегиялық ойлау мен өз-өзіне сенімділікті арттыруға, пікірсайыс мәдениеті мен этикасын тереңірек түсінуге септігін тигізді.