Байқаудың мақсаттары - ағылшын тілін меңгеруде ынталандыруды арттыру, сонымен қатар дарынды студенттерді іріктеу, және олардың шығармашылық шабытын көтеру.

Байқауға қатысушылар ағылшын тілінде өлең жолдарын жатқа айтып және оның түпнұсқасын ұсыну керек. Біздің университеттің атынан төмендегі студенттер қатысты: Серікқызы Назерке 18-ОПК-1, Амангельдинова Дильназ 18-ЭЛК-1, Сакенов Диас 17-ЭЛК-1, Казаков Станислав 18-ЕЛ-1, Манишин Максим, 18-ТФ-ап.

Әділ қазылар алқасы әрбір көріністі белгілі бір талаптарға сәйкес бағалады: мәтінді білу, орындау шеберлігі (әртістік, мәнереп оқу, тіл анықтығы), шығармашылық тәсіл (музыкалық сүйемелдеу,образдар).

ШҚМТУ-дың өкілдері жетекші орындарға ие болды: 1-орын 18-ОПК-1 тобының студенті Серікқызы Назеркеге, тебірентерлік K. Simonov-тың «Wait for me» өлеңін оқығаны. 3-орынды өзіміздің университетіміздің 18-ТФ-1 тобының студенті Казаков Станислав Bruno Mars-тың «Today my life begins» атты өлеңін шығармашылықпен орындағаны үшін алды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды және естелікке сыйлықтар берілді.

Байқауды ұйымдастырушы ШҚМУ көптілді білім беру орталығы болды. Байқау аймақтық ЖОО мен колледж студенттері арасында өтті.

Болашақта біздің студенттерімізге табыстар мен үлкен белестерді бағындыруды тілейміз! Келесі байқауларда бұдан да көп студенттер белсенділік танытып, қатысады деген үміттеміз.

«Шетел тілдері» кафедрасы