«Студент көктемі - 2015» облыстық фестивалінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Таңдаулы шығармашылық бағдарлама» және «Жастар таңдауы» (онлайн - дауыс беру бойынша) номинацияларында жеңімпаз атанды. Студенттеріміздің ұйымшылдығы және ізденісі, сондай-ақ бүкіл ұжымның қызу қолдауы арқасында біздің ЖОО бұл байқауда өзінің көшбастаушылығын сақтап қалды. Университетті жеңісімен құттықтап, ұжымға және студенттерге алғыс сезімін білдіреміз!