Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы өтті. ШҚТУ «Су ресурстары және суды пайдалану» ББ 2 курс студенті Елена Семенова «ШҚО шошқа өсіретін шаруа қожалығының мысалында шошқа фермаларының сарқынды суларын тазартудың технологиялық схемасын жетілдіру» жабасын ұсынды. Ғылыми жұмысы жоғары бағаланып, студентіміз II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Елена Семенованы және ғылыми жетекшіні жеңісімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, табыс тілейміз!