2025 жылғы 19 қарашада орта мектеп мұғалімдеріне арналған «Отбасы мен мектептің қиылысында әлеуметтену» семинары өтті. Семинарды «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қазақстандық отбасы: жаңғырту жағдайындағы институционааралық өзара іс-қимылдың әлеуеті мен проблемалары» жобасының ғылыми жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Э.О. Столярова әзірлеп, өткізді.
Семинар барысында мектеп жасындағы бала мен жасөспірімнің жеке басын дамытудың негізгі кезеңдері қаралды. Әрбір кезеңде тұлға меңгеруі тиіс базалық әлеуметтік білім мен дағдылар бөлініп көрсетілген. Отбасыларда жіберілетін қателіктер және оларды мектеп педагогтарының күшімен түзету мүмкіндіктері атап өтілді. Жеке бастың патологиясы мысалында отбасылық және білім беру институттарының қоғам алдындағы жауапкершілігін бөлу туралы мәселе талқыланды.
«DSR» ХҒЗО