Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Университетке ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Закария Күнсұлу Дальтонқызы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғылым департаментінің директоры Руслан Ерғалиұлы Нұрлыбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының басқарма басшысы Мақсат Жұмабайұлы Бөленбаев және сарапшы -кеңесші Нугуманов Дәурен Қабдолдинұлы келді.

Қонақтар университеттің ғылыми жетістіктерімен және жобаларымен, сондай-ақ ШҚТУ материалдық-техникалық базасымен танысты.

"ШҚО жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарының ғылыми ынтымақтастығы: мәселелері мен болашағы" атты дөңгелек үстел барысында ғалымдар жүргізіп жатқан жобалар талқыланды. Бұдан бөлек ғылыми саладағы проблемаларды шешу тетіктерін әзірлеу мәселелері қаралды.

Өз кезегінде, "ӨӨАЗ" АҚ "Машзавод" ЖШС және «ҮМЗ» АҚ басшыларының баяндамалары қызу талқылауға себеп болды.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Далтонқызының айтуынша өңірдегі ғылым әлі де жетілуді, дамуды талап етеді.

- Бастысы, аймақтағы ғылымның дамуы. Ірі өнеркәсіптік аймақ болғандықтан, ғылымды дамытуға да әлеует зор. Сондықтан Ғылым, өнеркәсіп және бизнес бірлескен жобаларды іске асыру кезінде ортақ мәміледе болғаны абзал, - деді Күнсұлу Далтонқызы.

Бүгінгі таңда ШҚТУ "үш әлеуметтік маңызды функцияны: жоғары білікті мамандар даярлау, жаңа білім өндіру және қоғамға қызмет көрсетуді" жүзеге асырады.

Университет өңірлік, аймақтық және халықаралық деңгейдегі жобаларды іске асырып, зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың экожүйесін құру барысында. "Үштік спираль" моделін іске асырудың бірегей тәжірибесі: Университет, бизнес, билік жеті жобаның үш жылдық ғылыми-техникалық бағдарламасын (2017-2019 жж.) орындап, өңірдің инженерлік кадрларға сұранысын жабуды көздейді.

ФОТО ...