Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдық мерейтой Кубогіне арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілген турнир өз мәресіне жетті. Аталмыш спорттық дода 2023 жылдың 22-24 ақпан күндері аралығында волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен өткізілді. Турнирге 9 кәсіптік және техникалық білім беру оқу орны, 300ге жуық студент қатысты:

  • С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі
  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледж
  • Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
  • Өскемен жоғары политехникалық колледжі
  • Өскемен жоғары медициналық колледжі
  • Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі
  • Самар аграрлық -техникалық колледжі
  • Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі
  • К.Нұргалиев атындағы жоғары колледж

Барлық үш спорт түрі қортындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:

  • I - орын Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
  • II - орын Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі
  • III- орын Өскемен жоғары медициналық колледжі

Жарыстың жабылу салтанатында Самар балалар-жасқспірімдер спорт мектебінің директоры Нухаев Ержан Елтаевич: «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басын қосып, барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырып, керемет турнир өткізген «Денсаулық және спорт» орталығының басшысына, жаттықтырушыларына алғыс білдіретінін жеткізді».

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Спорттық жарысымызға белсенді қатысқан барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына алғысымызды білдіреміз.