ҚР Мәжілісі мен маслихаттар депутаттарына дауыс беру басталды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да орналасқан №74 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00- ден азаматтарды қабылдауда. Аталған учаскеде тіркелген тұрғындар мен университет қызметкерлері және профессорлық-оқытушылық құрамның басым бөлігі түске дейін өз таңдауларын жасап қойды.

Сайлау учаскесі жұмысын бастаған бетте бірінші болып 58 жастағы Күләш Искакова дауыс берді. Сонымен қатар, алғашқылардың қатарында 82 жастағы ШҚТУ ардагері, «Жоғары математика» кафедрасының бұрынғы оқытушысы Валентина Белослюдова жолдасымен болды.

Осындай еліміз үшін маңызды оқиғаға қатысып алғаш рет өз таңдауын жасауға келген жастарға және ел болашағына жауапкершілікпен қарап келіп жатқан қарияларымызға естелік сыйлықтар табысталып жатыр. Айта кетейік, №74 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі кезінде барлық санитарлық – эпидемиологиялық нормалар сақталуда.