Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грантына жарияланған конкурс қорытындысы шықты. Естеріңізге сала кетсек, жалпы мемлекеттік грантқа ілікпей қалған талапкерлер 5-10 тамыз аралығында https://vko-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы әкім грантына өтінім берген болатын.

ШҚО әкімдігі 2023-2024 оқу жылына маман дайындаудың 27 бағыты бойынша 270 грант бөліп отыр. Оның 100-ден астамын Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ игерді. Техникалық университетке түскендер қатарынан ең көбі «Архитектура» мен «Ақпараттық технологиялар» мамандығында, сәйкесінше, 29 және 25 студент. ШҚТУ өз студенттері қатарына қосылған жастарды құттықтай отырып, сапалы білім алуға оқу ордасында асыға күтеді!

ШҚО әкімі гранты конкурсының қорытындысы бойынша толық мағлұматты мына сілтеме бойынша «Жоғары білім» бөліміне өту арқылы оқи аласыздар: https://vko-abiturient.kz/admission/competition/results.