Танымал жерлесіміз, ақын Ұлықбек Есдәулеттің 65 жасқа толуына арналған «Жұлдыз жарығы» атты әдеби-сазды кеш «Музейдегі түн» атты халықаралық акция аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығындағы Оралхан Бөкей павильонында өткен іс-шараға ШҚМТУ-дың «Foundation» факультетінің студенттері қатысты.

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ- ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қырғызстан Ұлттық жазушылар одағының Құрметті мүшесі, бүгінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, «Жігер» шығармашыл жастар байқауының, «Жалын» республикалық әдеби сайысының, Қазақстан Ленин комсомолы, түркі тілдес елдер поэзиясы фестивалінің, халықаралық әдеби «Алаш», ҚР мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» жүлдесінің лауреаты.

Әдеби-сазды кеш барысында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Foundation» факультетінде білім алушылар Колия Тілекберді, Бақытбек Мұхаммед, Иманқабылұлы Ерген, Жәрдембек Лашын және Ермұрат Жырғау өнер көрсетті. «Шабыт» жастар театрының студенттері Ұлықбек Есдаулеттің өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Музей-қорық іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан қатысушылар мен көрермендерге алғыс білдіреді.

«Foundation» факультеті