Ұлы Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Поэзия парасаты" атты университет студенттері арасында байқау ұйымдастырылған. 

Іс-шараға төрт адамнан тұратын үш команда қатысты: "Алау", "Incredibles", "Телғара". Олар ұлы жазушының шығармаларын 3 тілде орындады. Сайыс 5 кезеңге бөлінген, қазылар алқасы 5 балдық шкала бойынша нөмірлерін бағалады.

Іс-шараға Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің шәкірттері, ұстаздары қатысты.

Біріншіден, командалар өздерін таныстырды. Келесі нөмірлерде қатысушылар поэмаларды жатқа оқыды, ән айтып, шығармашылық нөмірлерін көрсетті.

Көрермендер тек жанкүйерлер ретінде ғана емес іс-шараға олар да белсенді қатысты. Олардын арасында флеш моб ұйымдастырылды – барлық зал Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай» өленін орындады. 

Студенттер Абайға арналған өз өлеңдерің оқыды.  «Foundation» факультетінің шетелден келген оқушылары «Қара сөздерді» жатқа айтты. Ұлы ақынның музыкасын гитарамен паппури орындағаны да бар.

Ал поэтикалық сайысқа қатысушылар 10 номинация бойынша марапатталды.

Басты жүлдені «Телғара» командасы алды, 2 орын – «Incredibles» тобы, 3 орын «Алау» қыздар тобы алды. Бәріне ақшалай жүлде сыйға тартты.

Қазақ ұлттық аспаптарымен өнер көрсеткен ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің шәкірттері алғыс хаттармен марапатталды.

Гуманитарлық білім беру және дене шынықтыру мектебі - организаторы

«Рухани жаңғыру» кафедрасы