5 наурыз күні Ақпараттық жүйелер және энергетика мектебінің Foundation факультетінің тыңдармандарына арнап ұйымдастырған Ашық есік күні болып өтті. Ақпараттық жүйелер және энергетика мектебінің талантты да белсенді студенттері мектеп дайындайтын 9 оқу бағдарламасы туралы мәліметтерді қызықты, креативті және түсінікті қылып таныстырып өтті. Сол сияқты келешек абитуренттерді мектебіміздің теориялық біліммен қатар практикалық та білім бере алатынының дәлелі ретінде алдыңғы қатарлы зертханаларымен таныстыру шарасы да жасалды. Мектебімізбен танысу шарасы қызықты ойындар мен викториналарға толы кешкі дискотекамен өзінің мәресіне жетті.

Мектеп ұжымы Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасының бастығы Байзельдинова Мәншүк Зекеновнаға дискотека ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін шексіз алғыс білдіреді.

 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі