2025 жылдың 24 қыркүйек күні Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің №1 жатақханасында студенттер арасында маңызды санитарлық-ағартушылық сағат өтті.

Іс-шараны университеттің медицина орталығының қызметкері мен тәрбиеші-педагогтар бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесудің тиімділігін арттыру мақсатында шара ұлдар мен қыздар үшін жеке бөлек өткізілді. Кездесу барысында студенттерге күнделікті өмірде жеке бас тазалығын сақтау, тұрмыстық ортада санитарлық талаптарды орындаудың маңыздылығы түсіндірілді. Бұл, ең алдымен, денсаулықты сақтауға және жұқпалы аурулардың алдын алуға ықпал ететіні атап өтілді. Репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жыныстық қатынастың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, практикалық ұсыныстармен бөлісті.

Жастардың физикалық және рухани денсаулығын сақтау бойынша мұндай іс-шаралар университеттің жүйелі жұмыстарының бір бөлігіне айналып отыр. Жақын арада осындай кездесулер №2 және №3 жатақханаларда ұйымдастырылады.