Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы қымбатты студенттерін төл мерекесімен құттықтайды!

Қиялға, мол білімге, көптеген қызық жаңалықтарға және көңілді сәттерге толы шақ – Студенттер күнімен құттықтаймыз.

Әр күніңіз жаңа мақсатқа толы, биіктерге жетелейтін күшке, тамаша ойларға, қызықты оқиғалар мен жетістіктер мол болсын. Студенттік жылдар – бақытты сәттерге толы естелік шақ. Алған білімдеріңіз жоғары жетістіктерге жетелеп, қызметтеріңізге жарасын!

Әрбір күн таным мен өздеріңізге пайдалы білімге толы болсын. Стипендия жоғары, оқытушылар мейірімді, дипломдарыңыз қып-қызыл болсын!