Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді Спорт күнімен құттықтайды!
Спорт - мінездің беріктігі, мақсатқа ұмтылу, тәртіп пен үнемі алға жылжу. Ол адамдарды біріктіреді, командада жұмыс істеуге, қиындықтарды жеңуге және алға қойған мақсаттарға жетуге үйретеді.
Спорттық өмір - ШҚТУ-дағы университеттік ортаның маңызды бөлігі. Біздің студенттер волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, гір спорты, армрестлингпен және басқа да спорт түрлерімен айналысады. Университетте студенттік турнирлер мен жарыстар тұрақты түрде өткізіліп, әрбір студентке өз қабілетін, спорттық мінезі мен жеңіске деген жігерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.
Университетіміздің ерекше мақтанышы – облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда ШҚТУ намысын абыроймен қорғап жүрген студенттеріміз.
Гір спортында студенттеріміз жарқын нәтижелер көрсетіп келеді. Жақсылық Төлеуғазинов гір спортынан Азия чемпионатында көпсайыстан I орын иеленіп, екі рет күміс жүлдегер атанды және қола медаль жеңіп алды. Бекзат Дүйсенхан Азия чемпионатында тамаша нәтиже көрсетіп, ұзақ цикл, серпе көтеру, жұлқа көтеру және көпсайыс бойынша төрт алтын медаль иеленді.
Қазақстан Республикасының XIII жазғы Универсиадасында жеңіл атлеттеріміз де университет намысын лайықты қорғады. Артём Сизых 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс медаль жеңіп алса, Ян Антоненко 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдегер атанды.
ШҚТУ студенттерінің шахматтан да жетістіктері бар. Санжар Сайлапкеров 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классикалық шахматтан Шығыс Қазақстан облысының чемпионы атанды. Бұл жеңіс студенттеріміздің жоғары дайындығы мен мақсатқа деген табандылығының тағы бір дәлелі болды.
Осы жеңістердің әрқайсысы - қажырлы еңбектің, тұрақты жаттығулар мен үнемі жетілуге деген ұмтылыстың нәтижесі. Біз университетіміздің намысын спорт алаңдарында абыроймен қорғап жүрген студенттерімізді және ШҚТУ-дың спорттық өміріне үлес қосып жүрген барша қауымды мақтан тұтамыз.
Осы мерекелі күні барлық студенттерге, спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт сүйер қауымға зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер, жаңа рекордтар мен жарқын жеңістер тілейміз!
Спорт әрдайым алға жетелеп, бірлігімізді нығайтып, мінезімізді шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын!