Құрметті металлургтер, сала ардагерлері, оқытушылар, ғалымдар, студенттер мен түлектер!
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Металлург күнімен шын жүректен құттықтайды!
Шығыс Қазақстан үшін металлургия - экономиканың жетекші салаларының бірі ғана емес. Ол - өңірдің өнеркәсіптік дамуының негізі, инновациялар мен жоғары технологиялардың, инженерлік жетістіктердің қайнар көзі. Металлургтердің ерен еңбегінің арқасында еліміздің экономикалық өсімінің берік іргетасы қаланып, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуеті нығайып, отандық индустрияның болашағы қалыптасуда.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті көптеген ондаған жылдар бойы тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының сенімді серіктесі әрі инженерлік кадрлар даярлайтын жетекші орталықтардың бірі болып келеді. Университет металлургия, материалтану және тау-кен ісі бағыттары бойынша заманауи білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, ғылыми зерттеулерді дамытып, инновациялық технологияларды өндіріске енгізуде. Сондай-ақ индустриялық серіктестермен бірлесіп, қазіргі заманғы өнеркәсіптің күрделі міндеттерін тиімді шеше алатын жаңа буын мамандарын даярлауда.
Бүгінде металлург мамандығы жоғары кәсібиліктің, жауапкершіліктің және өз ісіне адалдықтың символы болып қала беретіні ерекше маңызды. Еңбек адамдары, инженерлер, технологтар, ғалымдар мен өндіріс мамандары саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, Қазақстанның өнеркәсіптік тәуелсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.
Осы мерекелі күні металлургия саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, жаңа кәсіби жетістіктер, қауіпсіз еңбек, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенім тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, жаңа жобалар отандық металлургия мен инженерлік ғылымның дамуына кең мүмкіндіктер аша берсін!
Мереке құтты болсын!