Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке - еліміздегі достықтың, келісім мен өзара құрметтің, сондай-ақ барлық этностардың бірлігінің символы. Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығы - ел тұрақтылығы мен орнықты дамуының берік негізі.
Бүгінгі таңда біздің университетте түрлі ұлт пен мәдениет өкілдері білім алып, еңбек етуде. Бұл - біздің ортақ құндылығымыз. Біз өзара құрмет, сенім және ынтымақтастық негізінде ортақ білім мен даму кеңістігін қалыптастырып келеміз.
Бұл күн әрқайсымызды қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға, Отан игілігі жолындағы жасампаз еңбекке ұмтылуға үндейді деп сенемін.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, табыс және болашаққа сенім тілеймін!
Мереке құтты болсын! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Құрметпен,
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан
техникалық университетінің ректоры
С. Рахметуллина