Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университтетің базасында «Рухани жаңғырудағы ономастикалық кеңестік: Жестістіктері мен болашағы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Іс-шараны ШҚО тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.


Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде көптеген мәселелер мен баяндамалар талқыланды. Қазіргі таңда тіл білімінің ономастика саласы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған тіл саясатының басым бағыттарының бірі ретінде көптілді, көпұлтты елімізде үлкен саяси-әлеуметтік, мәдени маңызға ие болып отыр.
"Қазақстан ономастикасының өзгеру динамикасы", "Географиялық зерттеулердегі топонимиканың ролі", "Топонимикалық танымның төмендігі-рухани жаңғыру қоғамына апарар жолдағы кедергі","Топонимдерді ауыстырудың тиімді тәсілдері" тақырыпта баяндамалар тыңдалды.


Республиканың әр аймағынан ғалымдармен оқытушылар,өңірлік әкімшілік өкілдері қатысты. ШҚМТУ-дан Рухани Жаңғыру кафедрасының меңгерушісі Акмарал Казыкешова және Қазақстан тарихы жане саяси әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушы Айзат Урюстюмова қатысты.


Қазақ «Жеріңнің аты - бабаңның хаты» деп тегін айтпаса керек. Ел мен жер атаулары ұлттық ерекшелігімізді танытып тұруы керек. Атырау мен Алтай арасын мекендеген ата-бабамыз әр жердің қиырына, тауы мен тасына, сай-саласына, өзені мен көліне, құзы мен жартасына, ойпаңы мен шоқысына лайықты атаулар бере білген. Біз өзіміздің атау берудегі ұлттық танымымыздан айырылмауымыз керек.

Рухани Жаңғыру кафедрасы