Құрметті әріптестер, студенттер, түлектер және университет серіктестері!
Сіздерді ұлттық мерекеміз - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
25 қазан - мемлекеттілігіміздің негізін айқындаған, егемендікке жол ашқан тарихи күн. Бұл мереке баршамызды туған жерге деген сүйіспеншілік, ортақ құндылықтар және Қазақстанның болашағына деген жауапкершілік сезімімен біріктіреді.
Еліміздің өркендеуі білімді, еңбекқор әрі бастамашыл азаматтарға байланысты. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы білікті мамандар даярлау, ғылымды дамыту және өндіріске қажетті технологияларды әзірлеу арқылы осы ортақ іске үлес қосып келеді. Ғалымдарымыздың ізденісі, оқытушыларымыздың қажырлы еңбегі мен студенттеріміздің тың идеялары еліміздің дамуына қызмет етеді.
Бүгінгі студенттер - ертеңгі инженерлер, зерттеушілер және жаңа бастамалардың авторлары. Олардың сапалы білім алып, өз қабілеттерін туған елінде жүзеге асыруына жағдай жасау - университетіміздің маңызды міндеті.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып, жастарымыздың армандары орындалсын!
Егемендігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Республика күні құтты болсын!