Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Жоғары білім және ЖОО-ларды дамытудағы заманауи үрдістер» атты методикалық семинар өтті.Оның жұмысына университет ректоры Нұрлан Темірбеков, ЖОО-ның проректорлары, сондай-ақ ШҚМТУ-дың профессорлары мен оқытушылары қатысты.

Семинарда сегіз тақырыптық баяндама тыңдалды.Әсіресе қызу талқыланған баяндамалар - «ЖОО-лардың автономиялық жағдайдағы менеджментінің негізгі аспектілері» (офис- тіркеу бөлімінің бастығы, т.ғ.к. Галина Видищева), «ЖОО-ны корпоративтік басқару: Ұлыбританияның тәжірибесі» (әкімшілік департаментінің директоры, э.ғ.к. Гюзель Ишкинина), сондай-ақ «Болон процесінің талаптарына сәйкес ҚР жоғары техникалық білім беру жүйесін жетілдіруді зерттеу нәтижелері» (ғимараттарды, құрылыстар мен көлік коммуникацияларын салу кафедрасының доценті, т.ғ.к. Анатолий Гольцев пен геодезия, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры т.ғ.д. Төлеген Ипалақов).

Сондай-ақ семинарда инновациялық менеджмент кафедрасының доценті, пс.ғ.к. Галина Грызунова «Заманауи оқытушының табысқа жету жолындағы уәждемесін дамыту», жоғары математика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, пед.ғ.д., профессор Сәуле Тыныбекова «Жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде іргелі құрамдастық рөлін арттыру туралы», ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, ф.-м. ғ.к. Наталья Денисова «Қазақстан үшін маманданудың европалық аясында негізделген кәсіптік АКТ- білім», сапа менеджменті жүйесі департаментінің директоры, т.ғ.к. Найля Дүзкенева «Сапа байқауы, аккредитация және дипломдарды мойындау халықаралық жүйесі» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Семинарда жоғары білімнен кейінгі және жаңа білім беру технологиялары институтының директоры, ф-м.ғ.к., PHD докторы Еркен Тұрғанбаев «ЖОО-ның таңдаулы оқытушысы» конкурсына материалдар әзірлеу туралы хабарлама жасады.