Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ магистрлері оқуын аяқтады. Салтанатты жағдайда ректор Нұрлан Темірбеков жеті магистрантқа оқуды табысты аяқтағаны жөніндегі куәліктер тапсырды. Ректор магистрлерді бұл айтулы оқиғамен құттықтап, университет докторантурасына түсуге шақырды.

 

– Сіздер магистрлік жұмыстарыңызды жақсы орғадыңыздар, білімдеріңіз терең екенін көрсеттіңіздер, біз сіздерді мақтан етеміз, - деді ректор. – Университетті ұмытпаңыздар, әрдайым байланыста болыңыздар.

 

Жазда 15 мамандық бойынша магистрлер оқуын аяқтайды.