Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 2023 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жыл сайынғы ЖОО ішіндегі кезеңі (1 кезең) өтті.
Конкурстың мақсаты - университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының шығармашылық бастамалары мен кәсіби шеберлігін көтермелеу, қолдау, білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Конкурстық комиссия "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беруге арналған конкурстың 2-ші Республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлерді университеттің Ғылыми кеңесінде бекітуді ұсынды. Байқаудың барлық қатысушылары тиісті құжаттарды тапсырды.
Конкурстың 2-ші республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлердің тізімі
| № | Үміткердің ТАӘ | Лауазымы | ҒПР өтілі | Алдын ала ұпайлар | Сараптамалық ұпайлар |
|---|---|---|---|---|---|
| 15 жылдан астам тәжірибесі бар үміткерлер | |||||
|
1 |
Алонцева Дарья Львовна |
ф.-м. ғ. д., цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры |
23 жыл |
127 |
127 |
|
2 |
Серая Наталья Владимировна |
х. ғ. к., халықаралық Инженерия мектебі профессорының м. а. |
18 жыл |
74 |
74 |
|
3 |
Рахметуллина Жеңісгүл Төлеухановна |
ф. - м. ғ. к., халықаралық инженерлік мектебінің деканы |
29 жыл |
62 |
62 |
| 15 жылдан аспайтын өтілі бар үміткерлер | |||||
|
4 |
Қожахметов Ернат Әбілхайырович |
PhD докторы, Халықаралық Инженерия мектебінің аға оқытушысы |
5 жыл |
98 |
98 |
|
5 |
Баятанова Ляйла Болаткановна |
PhD докторы, Халықаралық Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессорының м. а. |
13 жыл |
74 |
74 |