Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың ардагерлер, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер мен қызметкерлер арасында елімізде реформалар жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ЖОО студенттерінің өздері 2022 жылғы 5 маусымда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырып, референдумға Енгізілген өзгерістер туралы жазылған облыстық «DIDAR» және «Рудный Алтай» газеттерін таратты.