27-28 қыркүйек күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің комплаенс-офицері университет басшылығымен және профессорлық оқытушылар құрамымен профилактикалық кездесулер өткізді.

Кездесуге информатика мектебі, тілдік құзыреттілік орталығы және жер туралы ғылымдар мектебі қатысты. Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен корпоративтік этиканы арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қаралды. Кездесу барысында сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.