Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері ұсынған «BankRed AI - банктердің антифрод-модельдеріне экономикалық аудит жүргізудің зияткерлік жүйесі» жобасы студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық конкурсының финалдық кезеңіне өтті.
Конкурсты Қазақстан Республикасының Банктер қауымдастығы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырды. Ол жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, қаржы технологиялары және қаржы саласына арналған цифрлық шешімдер бағытындағы перспективалы әзірлемелерді біріктірді. Конкурстың финалдық кезеңі 2026 жылғы 10 қарашада Алматы қаласында өтті.
Жоба авторлары: Бизнес мектебінің 3-курс студенті, 24-БЭК-1 тобының білім алушысы Қайролдин Мақсат және Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің 2-курс студенті, 25-ВТТ-1 тобының білім алушысы Бондарчук Михаил. Ғылыми жетекшісі - Жанабаева Аида Советовна.
BankRed AI жобасы аясында команда банктердің антифрод-модельдеріне экономикалық аудит жүргізудің зияткерлік жүйесін әзірледі. Бұл шешім қаржылық тәуекелдерді төмендетуге, күдікті операцияларды анықтау сапасын арттыруға және банктердің бизнес-процестерін оңтайландыруға бағытталған.
Зерттеу барысында студенттер машиналық оқыту әдістерін, жасанды интеллект модельдерінің сапасын бақылау тетіктерін және қауіпсіздік жүйелерінің іске қосылуының оңтайлы шекті мәндерін есептеу тәсілдерін зерделеді. Әзірленген жүйе банк қызметіндегі транзакциялар аудитін автоматтандыруға және қаржылық мониторингтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Конкурс қорытындысы бойынша ШҚТУ командасы қатысушы сертификаттарымен және «AI в финансах» («Қаржы саласындағы AI») номинациясындағы жеңісі үшін грамотамен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасы Банктер қауымдастығының бірінші вице-президенті М. У. Байтоков табыстады.
Жоба командасын лайықты нәтижесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа әзірлемелер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!