Qazaq AI Research University (QAIRU) базасында Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған форум өтті. Іс-шара аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Рахметуллина медальмен марапатталды.
Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, университет басшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Олар жоғары білім сапасын арттыру, жоғары оқу орындарын цифрлық трансформациялау, білім беру мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану, білім беру бағдарламаларын жаңарту және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің технологиялық дамуындағы және бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы университеттердің стратегиялық рөлін атап өтті. Форум барысында отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.
ШҚТУ ұжымы Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллинаны марапатымен шын жүректен құттықтайды! Бұл - университет қауымдастығы үшін мақтаныш әрі алдағы жұмысқа шабыт беретін қуанышты жаңалық. Ректордың басшылығымен университет инженерлік білім беруді дамытып, халықаралық ғылыми байланыстарын және өнеркәсіппен ынтымақтастығын нығайтып, студенттер мен зерттеушілерге жаңа мүмкіндіктер ашып келеді.
Сәуле Жәдігерқызына зор денсаулық, қажымас қайра т, университет пен еліміз үшін маңызды бастамаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз. Алда ғылыми жетістіктер, келешегі зор жобалар мен ортақ жеңістер көп болсын!